427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде шілдеден бері алғаш рет коронавирус жұқтырғандар саны 6000-нан асты

  • 172
  • UPD: 23:23, 19.09.2020
Ресейде шілдеден бері алғаш рет коронавирус жұқтырғандар саны 6000-нан асты фото: aa.com.tr

Өткен тәулікте Ресейде COVID-19 жұқтырған 6065 науқас анықталды, 144 адам қайтыс болды, 5255 адам ауруханадан шығарылды.

Бұл туралы журналистерге инфекциямен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, күнде инфекциямен тіркелетін науқастардың саны 19 шілдеден бері алғаш рет алты мыңнан асты. Бір күн бұрын 5905 жұқту дерегі анықталған, өсу қарқыны тәулігіне – 0,5%.

Жаңа жағдайлардың ішінде 1460 адамда (24,1%) ауру симптомсыз.

Вирусты ең көп жұқтырғандар Мәскеуде анықталды – 825 адам. Тағы 212 жағдай Санкт-Петербургте, 180 – Ростов облысында тіркелді.

Пандемия басталғаннан бері Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 097 251-ге жетті, 19 339 адам қайтыс болды, 906 462 адам сауығып шықты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша әлемде 30 миллионнан астам COVID-19 жұқтырған адам бар, 943 мың адам қайтыс болды. Ең көп вирус жұқтырғандар АҚШ-та – 6,5 миллион науқас. Инфекцияға сезімтал он елдің қатарына Үндістан, Бразилия, Ресей, Перу, Колумбия, Мексика, Оңтүстік Африка, Испания және Аргентина кіреді.

Хабар 24 телеарнасы