432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекияда «Ианос» дауылынан екі адам қаза тапты

  • 146
  • UPD: 14:24, 20.09.2020
Грекияда «Ианос» дауылынан екі адам қаза тапты

Грекияның оңтүстігі мен орталық бөлігіне соққан «Ианос» дауылынан екі адам көз жұмып, тағы екі тұрғын із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел аймаққа жауын әкеліп, елді мекендерді су басты. Дауыл үйлердің шатырын ұшырып, талдар мен электр бағаналарын құлатып, желілер бүлінген. Табиғат апатынан Кардица, Фарсала қалалары мен оларға жақын жатқан аудандар көп зардап шеккен. Бірнеше өзен тасып, жүздеген үй мен теміржолдар су астында қалған. Билік мектептерді жауып, адамдарды далаға шықпауға шақырады. Апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы