429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда жүздеген адам шектеу шараларына қарсы шеруге шықты

  • 155
  • UPD: 16:54, 20.09.2020
Лондонда жүздеген адам шектеу шараларына қарсы шеруге шықты

Ұлыбритания астанасында жүздеген адам көшеге шығып, шектеулерге наразылық танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға қатысушылар карантинді екінші қайтара енгізбеуді талап етуде.

Лондонның орталығындағы Трафальгар алаңына жиналғандар «COVID құр бос сандырақ» деп ұрандатты. Олар «індетке қарсы шаралар халықтың әл-ауқатын нашарлатты», - дейді. Бейбіт басталған акция полициямен қақтығысқа ұласып, 30-дан астам адам қамалды. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Ұлыбританияда осы аптада 6 адамнан артық жиналуға тыйым салынған. Тәртіпті бұзғандарға 100 фунт стерлинг айыппұл бар. Ал вирус жұқтырып, оқшауланбаған азаматтар 1 мың фунт стерлинг төлейді.

Хабар 24 телеарнасы