428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Румынияда ата-аналар мектептердегі шектеуге наразылық білдірді

  • 214
  • UPD: 20:05, 20.09.2020
Румынияда ата-аналар мектептердегі шектеуге наразылық білдірді

Оқушылар мектепте бетперде кимеуі керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бухарестте ата-аналар шеруге шығып, осыны талап етті. «Жеңіс» алаңына жиылған 100-ге жуық адам биліктің індетті сылтауратып, шектеуді көбейткеніне ашулы. Шерушілер мұның бәрі баланың тәрбиесіне теріс ықпал етеді деген пікірде.

Румынияда оқушылар өткен дүйсенбіден бастап мектепке барып жүр. Онда арақашықтық сақтап, бетперде киіп жүру – міндет. Жалпы бұл елде індет басталғалы 110 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 4 мыңнан астамы қайтыс болған. 

Хабар 24 телеарнасы