Францияның оңтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан кейін өзендер тасып, бірқатар елді мекенді су басып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Апат аудандарынан 400-ден астам тұрғын эвакуацияланды. Бір адамды көлігімен су ағызып әкеткен. Тасқыннан 1 жарым мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Кей жерлерде ауызсу жүйесі бүлінген. Оннан астам тасжолды су шайып, бірнеше ауыл бүлінді. Селден жапа шеккен аймақтарда табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.