427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадрид тұрғындары карантиннің қайта енгізілуіне қарсы шықты

  • 136
  • UPD: 08:11, 21.09.2020
Мадрид тұрғындары карантиннің қайта енгізілуіне қарсы шықты

Мадридте тұрғындар үкіметтің шектулерді қайта енгізуіне қарсы наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі бүгіннен бастап Испания астанасының бірқатар аудандарында қатаң карантин шаралары күшіне енеді. Шектеу енгізілген аудандардың тұрғындары үйлерінен тек жұмысқа, мектепке немесе дәрігерге қаралу үшін ғана шыға алады. Саябақтар жабылып, дүкендер кешкі сағат 10-нан кейін жұмыс істемейді. 6 адамнан артық жиналуға тыйым салынған. Ал билік Мадрид қаласы аймағында індеттің таралуы өзге өңірлерге қарағанда 2 есе көп дейді.

Марта Гарсия, жергілікті тұрғын:

- Карантин мәселені шешеді деп ойламаймын. Шектеулер негізінен тұрмысы орташа аудандарға енгізілген. Бұл шаралар онсыз да экономикалық қиындықтарды бастан кешіп жатқан тұрғындардың жағдайын одан сайын қиындата түседі.

Хабар 24 телеарнасы