427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде мыңдаған адам Нетаньяхудың саясатына қарсы шықты

  • 141
Израильде мыңдаған адам Нетаньяхудың саясатына қарсы шықты

Израиль жұртының наразылық акциялары тыйылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантинге карамастан жуырда мыңдаған халық ереуілге қайта шықты. Жиналғандар премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың саясатына қарсы. Халық билікті коронавирус індетіне қарсы дер кезінде тиісті шара қолданбады деп айыптап жатыр.

Аушаға бой алдырғандар премьер-министр резиденциясының алдында жиналып, саясаткердің отставкаға кетуін талап етті. Наразыларды тәртіп сақшылары таратпақ болды. Естеріңізге салайық, аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ұйымдастырылған наразылық акция бірнеше апта бұрын басталған еді. Енгізілген жаңа ережеге сәйкес тұрғындар өз үйлерінен 1 мың метр жерден артық алыстамауы тиіс. Жалпы бүгінде қауіпті індеттің ілмегіне іліккендердің қатары 190 мыңнан көп. Мыңнан астамы дерттен айыға алмай көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы