430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда карантин режимін бұзғандар 10 мың фунт айыппұл төлейді

  • 178
Ұлыбританияда карантин режимін бұзғандар 10 мың фунт айыппұл төлейді

Алдымен ережеге бағынбағандарға ескерту жасалып, бір мың фунт айыппұл салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал заңды екінші рет бұзғандарға айып еселене түседі. Ұлыбритания дәрігерлерінің айуынша, қазір аймақ халқының тек 20 проценті ғана оқшауланған немесе карантинде. Қалғандары бұл талапқа бағынбайды. Енді алдағы уақытта елдің толық карантинге жабылмауы үшін жергілікті билік ірі көлемде айыппұл салу мәселесін қарастыруда. Алайда бұл жаңалық жергілікті халықтың наразылығын тудырды. Осыған орай таяуда Лондон тұрғындары ереуіл ұйымдастырды. Жиналғандардың айтуынша, шектеу шаралары азаматтардың құқығын бұзып отыр. Наразылық акция тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Салдарынан 30-дан астам адам қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы