428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия халқы Лесбос аралында баспанасыз қалған мигранттарға қолдау білдірді

  • 121
Германия халқы Лесбос аралында баспанасыз қалған мигранттарға қолдау білдірді

Германияның Берлин қаласында да 10 мыңнан астам адам ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналғандар биліктен Грекияның Лесбос аралында баспанасыз қалған мигранттарға қолдау білдіру керек деген талап қойды. Естеріңізде болса, өткен аптада Германия билігі түгел өртенген Мория аралынан 1500-ден астам кірмені өз еліне қабылдайтынын хабарлаған болатын. Неміс халқы үкіметтің бұл шешімімімен келіспей отыр. Шара белсенділерінің айтуынша, Германияның далада қалған барлық 13 мыңға жуық мигрантты қабылдайтын мүмкіндігі бар. Жиналған жұрт «Бізде орын жетеді» деп ұрандатып, билік өкілдерінен мигранттарға шұғыл қолдау көрсетуге шақырды. Айта кетейік, бүгінде Германияның 170 қаласы босқындарды қабылдауға келісімін беріп отыр.

Тарек, белсенді:

- Бұл шараға 60-тан астам ұйым қатысты. Біз мигранттарды тек Мория лагерінен ғана емес, Грекияның өзге де аралдарынан қабылдау керек деген пікірдеміз. Адам құқығы бірінші орында болу тиіс. Сондықтан жергілікті биліктен оларға көмектесуін талап етеміз. Германия ғана емес, Еуропаның өзге де елдері мигранттарға қол ұшын беру керек.

Хабар 24 телеарнасы