Нью-Йоркте метро пойызы жолға лақтырылған белгісіз затқа соғылып, рельстен шығып кетті.
Оқиға жексенбі күні таңғы сағат 08:15 шамасында Челси аймағындағы Манхэттенде болған, деп хабарлады abc телеарнасы.
Апаттан кейін 135 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа себепкер 30 жастағы қаңғыбас ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, ол метро жолына құрылыс қалдықтарын тастаған.