427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда тұрғын үй құлады: қаза болғандар бар

  • 152
  • UPD: 09:53, 21.09.2020
Үндістанда тұрғын үй құлады: қаза болғандар бар

Үндістанда үш қабатты тұрғын үй құлап, сегіз адам қаза тапты, деп хабарлады ТАСС.

NDTV арнасының хабарлауынша, 25 адам құтқарылды, тағы 20-ға жуық адам үйінді астында қалуы мүмкін.

Оқиға Мумбайға жақын орналасқан Бхиванди қаласында болған.

Тұрғын үйдің құлау себептері әлі белгісіз. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы