428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Билл Гейтс коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын болжады

  • 289
  • UPD: 10:36, 21.09.2020
Билл Гейтс коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын болжады RT

Коронавирус пандемиясы екі жыл ішінде аяқталады. Microsoft компаниясының негізін қалаушысы Билл Гейтс Fox News телеарнасына берген сұхбатында осылай деп пікір білдірді.

«Меніңше, эпидемия шамамен 2022 жылы аяқталады», – деді Гейтс. Бірақ ол үшін 2021 жылы инфекцияның таралуын тежейтін оңтайлы әдістер табылуы тиіс. Миллиардер штаттар өзге елдерге көмектессе, АҚШ келесі жылдың басында-ақ қалыпты өмірге орала бастайды деген ойда. «Мұның бәрі өмір бойы созылмайды ғой», – дегенді қосты бизнесмен.

Сондай-ақ ол коронавирусқа қарсы жасалып жатқан вакциналардың барлығы бірдей қауіпсіз болмайтындығын да айтады. Бұған уақыт тығыздығы себеп. Гейтстің сөзіне қарағанда, саясаткерлер тарапынан да препараттарды құрастырушыларға көрсетіліп жатқан қысым жоғары.

Жақында ғана Билл Гейтстің әкесі дүние салғанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы