427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Эмми» сыйлығы жеңімпаздардың өз үйлерінде табысталатын болды

  • 110
  • UPD: 11:52, 21.09.2020
«Эмми» сыйлығы жеңімпаздардың өз үйлерінде табысталатын болды

Коронавирус пандемиясына байланысты 72-ші «Эмми» сыйлығы үйде табысталады.

Ол онлайн-рәсімнің бір бөлігі болмақ. Эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау үшін премияның жүргізушілері смокинг түріндегі арнайы қорғаныш костюмдерін киеді. Бұл туралы Variety жазды.

«Ол киімдер қызықты әрі әдемі болып қана қоймай, сонымен бірге эпидемиологиялық хаттамаларға сәйкес келеді және жеңімпаздар мен жүргізушілердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғайды», - делінген хабарламада.

Атқарушы продюсер Реджи Хадлин салтанатты марапаттың әр кезде әртүрлі болатынын атап өтті.

«Бұл жолы марапатты табыстаудың осы әдісі арқылы тәжірибе жасап көрейік деп шештік», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы