Мамандар 12 сағатта 4 айлық мөлшердегі жауын жауғанын хабарлайды.
Гар мен Эро департаментінде жүздеген тұрғын үй мен қоғамдық мекемелерді су басты. Шамамен 1,5 мың баспана жарықсыз қалды. Сонымен қатар жолдарды су шайып кеткендіктен бірнеше өңірлерге азық-түлік жеткізу қиынға соқты. Қазір апат орнында құтқарушылар мен арнайы техника жұмылдырылды. Эвакуациялау жұмыстарына тікұшақтар да тартылды. Шамамен 400-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Екі адамның тағдыры беймәлім.