432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

PepsiCo компаниясының бұрынғы басшысы Дональд Кендалл өмірден өтті

  • 142
  • UPD: 11:19, 21.09.2020
PepsiCo компаниясының бұрынғы басшысы Дональд Кендалл өмірден өтті Известия

Pepsi Cola компаниясының 1963-1971 жылдар аралығындағы президенті және 1971-1986 жылдары компанияда бас директор қызметін атқарған Дональд Кендалл 99 жасында өмірден өтті.

Бұл туралы CNN хабарлады.

Телекомпанияның мәліметінше, кәсіпкер сенбі күні өз үйінде көз жұмған.

Кендалл – америкалық кәсіпкерлердің арасында алғашқылардың бірі болып КСРО мен Қытай аумағында бизнесті жолға қойған адам. Соның арқасында кеңестік нарықта Pepsi сусыны пайда болды.

PepsiСo – әлемде салқындатқыш сусындарды өндіруші ең ірі компаниялардың бірі.

Хабар 24 телеарнасы