427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда COVID-19 құрбандарының құрметіне ескерткіш орнатылды

  • 125
  • UPD: 12:19, 21.09.2020
Бразилияда COVID-19 құрбандарының құрметіне ескерткіш орнатылды

Бразилиялықтар Рио де Жанейро қаласында коронавирустан көз жұмғандардың құрметіне ескерткіш қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Қара тас қауіпті дерт құрбандары жерленген зиратқа орнатылды. 

Салмағы 300 тонна, ал биіктігі 40 метр болатын мемориал бразилиялық сәулетші Крис Сантосомның туындысы болды. Айта кетейік, бүгінде жер жаһанды жайлаған COVID-19 індетінен 950 мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың 140 мыңы – бразилиялық. Жалпы бұл ел Латын Америкада коронавирус пандемиясынан қатты зардап шеккен елдің бірі.

Хабар 24 телеарнасы