429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұл «Эмми» бұрынғыдан өзгерек. Барлық жеңімпаздардың есімдері белгілі

  • 124
  • UPD: 12:55, 21.09.2020
Бұл «Эмми» бұрынғыдан өзгерек. Барлық жеңімпаздардың есімдері белгілі TV.ua

Биылғы «Эмми» сыйлығын табыстау рәсімі өзгеше өтті.

Коронавирус пандемиясы себеп қызыл кілем, жол бойында топырлап тұратын фотокамера деген атымен болған жоқ. Есесіне 140 тікелей трансляция жасалды. Барлық қатысушылар үйлерінде отырып, өз қалаған киімдерін киюге мүмкіндік алды. Өйткені бұл жолы дресс-код тәртібі де алынып тасталды.

Бұған дейін «Эмми» сыйлығы жеңімпаздардың өз үйлерінде апарып берілетінін хабарлағанбыз.

Ал кеш жүргізушісі – Джимми Киммел.

Сонымен, «Эмми-2020» сыйлығын иеленгендердің толық тізімі:

Үздік драмалық сериал – «Мұрагерлер»;

Үздік комедиялық сериал – «Шиттс Крик»;

Үздік мини-сериал – «Сақтаушылар»;

Үздік телефильм – «Мінсіз»;

«Мұрагерлер»

 

Драмалық сериалдың үздік актрисасы – Зендая – «Эйфория»;

Драмалық сериалдың үздік актері – Джереми Стронг – «Мұрагерлер»;

Комедиялық сериалдың үздік актрисасы – Кэтрин О'Хара – «Шиттс Крик»;

Комедиялық сериалдың үздік актері – Юджин Леви – «Шиттс Крик»;

Драмалық сериалдың екінші пландағы үздік актрисасы – Джулия Гарнер – «Озарк»;

Драмалық сериалдың екінші пландағы үздік актері – Билли Крудап – «Таңғы шоу»;

Комедиялық сериалдың екінші пландағы үздік актрисасы – Энни Мерфи – «Шиттс Крик»;

«Шиттс Крик»

 

Комедиялық сериалдың екінші пландағы үздік актері – Дэн Леви – «Шиттс Крик»;

Мини-сериал немесе телефильмнің үздік актері – Марк Руффало – «Мұның рас екенін білемін»;

Мини-сериал немесе телефильмнің үздік актрисасы – Реджина Кинг – «Сақтаушылар»;

Мини-сериал немесе телефильмнің екінші пландағы үздік актері – Яхья Абдул-Матин II – «Сақтаушылар»;

«Сақтаушылар»

 

Комедиялық сериалдың үздік режиссурасы – Эндрю Чивидино мен Дэн Леви – «Шиттс Крик»

Драмалық сериалдың үздік режиссурасы – Андрий Парех – «Мұрагерлер» (Hunting үзіндісі);

Комедиялық сериалдың сценарийі – Дэн Леви – «Шиттс Крик»;

Драмалық сериалдың сценарийі – Джесси Армстронг – «Мұрагерлер» (This Is Not for Tears үзіндісі);

«Шиттс Крик» комедиялық сериалы кештің нағыз рекордшысы атанды. «Эмми» тарихында тұңғыш рет бұл канадалық телехикая барлық негізгі актерлік номинацияларда жеңіске жетті. Нәтижесінде «Шиттс Крикке» жеті «Эмми» сыйлығы бұйырды.

Дайындаған: М.Асылбек

Хабар 24 телеарнасы