427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысыр экономикасы ай сайын 1 млрд доллардан қағылып жатыр

  • 234
Мысыр экономикасы ай сайын 1 млрд доллардан қағылып жатыр Seldon.News

Египет билігі әуе рейстерін жандандырғанмен аймаққа әдетте ағылатын туристердің қарасы аз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Қызыл теңіз жағалауындағы демалушылардың саны бұрынғы көрсеткіштің 10 процентіне тең. Каирдегі Хан эль-Халили сауда орны да жабық тұр.

Айта кетейік, елдің жалпы ішкі өнімінде 15 проценттік үлесі бар туризм саласындағы қазіргі жағдай аймақ экономикасына ауыр соққы болып тиді. Жергілікті биліктің хабарлауынша, коронавирус індеті өршігеннен бері Мысырдың қазынасы ай сайын 1 млрд доллардан қағылып жатыр. Сарапшылар туризм саласындағы шағын және орта бизнес өкілдеріне алдағы қыс айлары оңайға соқпайды деп топшылайды.

Хабар 24 телеарнасы