427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұқтырғандар ең көп тіркелген үш ел аталды

  • 146
  • UPD: 14:17, 21.09.2020
Коронавирус жұқтырғандар ең көп тіркелген үш ел аталды

Әлемде коронавирустық инфекцияның 31 миллионнан астам жағдайы тіркелген.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, қазіргі кезде коронавирусты жұқтырғандар саны 31 млн-нан асқан, ал 960 мыңнан астам адам індеттен көз жұмды, 21 млн-нан астам адам сауығып шықты.

Вирус жұқтырғандардың ең көп саны (6 804 814) АҚШ-та тіркелді. Одан кейін Үндістан (5 487 580) мен Бразилия (4 544 629) тұр.

Хабар 24 телеарнасы