428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та ұшақ апатынан төрт адам көз жұмды

  • 162
  • UPD: 14:45, 21.09.2020
АҚШ-та ұшақ апатынан төрт адам көз жұмды vnebo.ua

АҚШ-та қозғалтқышынан ақау шыққан ұшақ апатқа ұшырады.

АҚШ-тың Техас штатында жеңілмоторлы ұшақ мәжбүрлі қону кезінде апат болды. Бұл туралы УНН басылымы хабарлайды.

Техастың қоғамдық қауіпсіздік департаментінің мәліметі бойынша, оқиға салдарынан екі ер адам мен екі әйел адам көз жұмған.

Ұшақ Остиннен шығып Луизианаға бара жатқан. Қозғалтқыш сыр бергенін байқаған ұшқыш әуе көлігін Хиллтоп-Лейк әуежайына қондырмақ болған.

Апат болған ұшақ америкалық Piper Aircraft компаниясына тиесілі.

Хабар 24 телеарнасы