429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бермуд аралдарына «Тедди» дауылы жақындап келеді

  • 128
  • UPD: 15:30, 21.09.2020
Бермуд аралдарына «Тедди» дауылы жақындап келеді ForumDaily

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, табиғаттың тосын мінезінен өңірде екінші рет әуе мен теңіз қатынасы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар аралда мектептер мен өзге де мемлекеттік мекемелер жабылды. Құтқарушылар халыққа барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуынша, толқынның биіктігі 9 метрге дейін көтеріліп, желдің екпіні сағатына 135 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Мамандар Тедди дауылы аралға бүгін жетіп, кейін Жаңа Шотландияға қарай бағыт алуы ықтимал дейді.

Хабар 24 телеарнасы