428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балтық теңізінде 274 адам мінген кеме қайырлап қалды

  • 147
  • UPD: 15:29, 21.09.2020
Балтық теңізінде 274 адам мінген кеме қайырлап қалды

200 жолаушы мен 74 экипаж мүшесі мінген кеме Балтық теңізінде қайырлап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, адамдар дін аман. Оларды эвакуациялау үшін Финляндия билігі көмек берген. Құтқарылғандардың көбі Аланд аралдарындағы мектептерге орналастырылды. «Вайкинг Лайн» компаниясына тиесілі лайнер Турку қаласынан Стокгольмға бағыт алған екен. Мамандар болжамынша, апатты жағдай кеменің бір бөлігіне су кіріп кеткеннен болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы