427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ботсванада пілдердің жаппай қырылуының себебі анықталды

  • 161
  • UPD: 17:13, 21.09.2020
Ботсванада пілдердің жаппай қырылуының себебі анықталды

Ботсванада шілде айында пілдердің жаппай қырылуы цианобактерияларға байланысты болған.

Көк-жасыл балдырлар 330 жануардың өмірін қиған, деп жазды Reuters Ботсвананың ұлттық қорықтары директорының орынбасары Сирил Таолоға сілтеме жасап.

Цианобактериялар суда немесе ылғалды топырақта тіршілік етеді. Олар токсиндердің бірнеше түрін шығарады.

Судағы цианобактериялардың көп мөлшері жануарлардың ғана емес, адамдардың өміріне де қауіп төндіруі мүмкін.

Ботсванада белгісіз себептермен пілдер қырылып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы