432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ COVID-19 дертіне қарсы сусынның сынағын қолдады

  • 111
  • UPD: 02:44, 22.09.2020
ДДСҰ COVID-19 дертіне қарсы сусынның сынағын қолдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы шипалы сусынның клиникалық сынағының үшінші кезеңін өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жусаннан жасалатын бұл сусынды Африка елдерінде безгекке қарсы кеңінен пайдаланып келеді. Қазір оны бұл құрлықта Covid-Organics деген атаумен коронавирусты емдеуге де қолданады. Егер сусынның қауіпсіздігі әрі сапасы дәлелденсе, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны кеңінен өндіруге нұсқау бермек.

Хабар 24 телеарнасы