428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Беларуське қарсы санкциялар қабылдау жөнінде ортақ келісімге келе алмады

  • 174
  • UPD: 03:03, 22.09.2020
Еуроодақ Беларуське қарсы санкциялар қабылдау жөнінде ортақ келісімге келе алмады

Еуроодақ саммиті алдында ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлері бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Беларуське қарсы санкциялар қабылдау, Алексей Навальный төңірегіндегі ахуал және Ливиядағы жағдайды талқылады. Ал Беларуське қарсы санкциялар қабылдауға Кипр мемлекетінің ұстанымы кедергі келтіріп отыр. Бұл ел басшылығы өз аумағы санайтын Жерорта теңізінің бөлігінде Түркияның геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатқанына наразы. Сондықтан бұл тарап «Анкараға қарсы жаза қолданылмаса, Минскіге санкциялар енгізуді қолдамаймыз», дейді.

Никос Христодулидес, Кипр Сыртқы істер министрі:

- Басты құндылықтарымыз бен қағидаттарымызды бұзған елдерге ұстаным бірдей болуы керек. Бірін жазалап, бірін шарасыз қалдыруға болмайды. Дипломатияда тығырыққа тірелмеуіміз керек деп санаймын. Мен Гимнихте өткен Еуроодаққа мүше елдердің бейресми кездесуінде қабылдаған саяси шешімді жүзеге асыруға дайынмын.

Хабар 24 телеарнасы