428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда арақашықтық сақтауға көмектесетін құрылғы шықты

  • 101
  • UPD: 09:19, 22.09.2020
Ұлыбританияда арақашықтық сақтауға көмектесетін құрылғы шықты

Осы Ұлыбританиядағы роботехникалық компанияның бірі әлеуметтік арақашықтықты сақтауға көмектесетін құрылғы жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адамдар бір-біріне жақындаса, ол шамын жағып, дыбыс шығарып, белгі береді. Мамандар індет өршіген наурыз айында осы құрылғыны жасауға кіріскен. Компания өкілдерінің айтуынша, ақылды құрылғы кәсіпорында дерттің таралуына жол бермей, жабылудың алдын алады.

Брайан Палмер, компанияның бас директоры:

– Бұл – бағдаршам секілді жұмыс істейтін құрылғы. Адамдар бір-біріне тым жақындаса, белгі береді. Жұрт әлеуметтік арақышықтық сақтау ережелерін ұмытып, байқаусызда бұзуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы