427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританиялық ғалымдар індеттің өршу қаупі жөнінде ескертті

  • 107
  • UPD: 09:21, 22.09.2020
Ұлыбританиялық ғалымдар індеттің өршу қаупі жөнінде ескертті

Ұлыбритания үкіметінің денсаулық бойынша бас кеңесшісі Крис Уитти халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, апта сайын елде коронавирус жұқтырған адамдар саны екі есе артып келеді. Бұл қарқынмен қазан айының ортасында күн сайын 50 мың науқас тіркелетін түрі бар. Ал қараша айының ортасында күніне 200 адам бұл дерттен қайтыс болуы мүмкін. Жуырда ел премьер-министрі Борис Джонсон Ұлыбританияда індеттің екінші толқыны басталғанын жариялады. Оның айтуынша, үкімет қатаң карантин енгізбеу үшін бар күшін салуда. Дегенмен, әлеуметтік арақашықтық сақтау ережесін күшейтуге тура келеді. Бүгін Борис Джонсонның төрағалығымен үкімет отырысы өтеді. Онда індетке қарсы жаңа шаралар қабылдануы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы