432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: COVAX альянсына тағы 64 мемлекет қосылды

  • 116
ДДСҰ: COVAX альянсына тағы 64 мемлекет қосылды

Халықаралық COVAX механизміне экономикалық әл-ауқаты мықты тағы 64 ел қосылды.

Осылайша әлемнің 156 мемлекеті вакцинациялау мен иммунизациялауға бағытталған халықаралық бағдарлама аясында бірлесе жұмыс атқаратын болды. Алдағы уақытта бұл альянсқа тағы 39 ел күш біріктіреді деген болжам бар. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гейбреисус хабарлады. Айта кетейік, COVAX бастамасы – коронавирусқа қарсы вакцина дайын болғанда онымен қамтамасыз етуге кепілдік беретін жүйе. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – 2021 жылдың соңына дейін әлемді 2 млрд доза вакцинамен қамтамасыз ету.

Тедрос Адханом Гейбреисус, ДДСҰ басшысы:

– COVAX альянсына қосылған елдердің қатары артып барады. Бұл – өте жақсы жаңалық. Бағдарламаның басты мақсаты – 2021 жылдың соңына дейін әлемді 2 млрд доза вакцинамен қамтамасыз ету. Діттеген мақсатымызға қол жеткізуіміз үшін тиісті қаржыландыру жұмысы да мықты болу керек. Бүгінде жобаға шамамен 3 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылды. Әрине, бұл – жақсы бастама. Алайда шараның толық іске асыруға 35 млрд АҚШ доллары қажет.

Хабар 24 телеарнасы