Индонезияның Джакарта қаласы мен оған жақын орналасқан аудандарда су тасқыны мен лай көшкіні жүрді.
Салдарынан кемінде екі адам көз жұмған. Екеуінің денесі Батыс Ява провинциясынан табылды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлайды.
Басылым мәліметінше, тағы бір адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Ал 20 адам әртүрлі жарақат алған.