427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада медицина қызметкерлерінің ереуілі өтті

  • 149
  • UPD: 11:46, 22.09.2020
Аргентинада медицина қызметкерлерінің ереуілі өтті

Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында медицина қызметкерлерінің ереуілі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық акциясы дәл елдің денсаулық сақтау күніне орай ұйымдастырылған. Ақ халаттылар жергілікті биліктің карантин талаптарын жеңілдету туралы шешіміне қарсылығын білдірді. Сонымен қатар Үкіметтен медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартып, жалақысын көтеру керек деген талап қойды. Коронавирус індетінен көз жұмған әріптестерінің суретін ұстап шыққандар шаһардың басты көшесімен жүріп өтті. Айта кетейік, соңғы кездері Аргентинада инфекция жұқтырғандардың саны күрт асып кеткен. Аурудың таралуы шалғай елді мекендерде де қарқын алып барады. Жалпы пандемия басталғалы елде 640 мыңнан астам адамда вирус анықталып, оның 14 мыңы дертінен айыға алмай көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы