428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия дәрігерлері ресми статистикаға сенбейді

  • 122
  • UPD: 11:46, 22.09.2020
Түркия дәрігерлері ресми статистикаға сенбейді

Түркияда да коронавирус індеті дендеп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік ұсынған ресми статистикаға сенімсіздікпен қараған медицина қызметкерлері ереуілге шықты. Дәрігерлердің айтуынша, елдегі науқастардың саны жарияланған статистикамен мүлдем сәйкес келмейді. Айта кетейік, Түркияның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елде күнде 1,5 мыңнан астам адамға коронавирус диагнозы қойылады. Ал індеттен өлім-жітім көрсеткіші тамыз бен шілде айына қарағанда 3 есеге артқан. Жуырда медицина қызметкерлері әлеуметтік желілерде үкіметтің саясатын қатаң сынға алды. Түркияның Ұлттық қозғалыс партиясының өкілдері болса, дәрігерлердің әрекетіне теріс баға беріп бұл ұйымды жауып тастау керек дегенді алға тартты.

Хабар 24 телеарнасы