428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея тауар тасымалдайтын дрондар таныстырылды

  • 141
Оңтүстік Корея тауар тасымалдайтын дрондар таныстырылды

Оңтүстік Кореяның Седжон қаласындағы саябақта тауарды жеткізіп беретін жаңа дрондар таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шарада ұшқышсыз аппараттар 1,5-2,5 шақырым аралығындағы арақашықтықты артта қалдырып, 10 минуттың ішінде маска, санитайзер мен тамақты қажетті жерге жеткізіп берді.

Дрондар жерден 45-80 метр биіктікте ұшады. Кореяның Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігі бұл аппараттардың қолданылу аясын кеңейту керек деген ұсыныс жасады. Айта кетейік, қазір елде теңіз порттарын бақылау үшін әрі құтқару-іздестіру жұмыстары үшін сутекті бактериялармен жүретін дрондар тестіленуде. Сонымен қатар ұшқышсыз дрондар бірінші кезекте таулы аймақтар мен аралдарға тауар жеткізу үшін қолданылмақ.

Хабар 24 телеарнасы