427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арктика мұзы рекордтық көрсеткіште еріп жатыр

  • 158
Арктика мұзы рекордтық көрсеткіште еріп жатыр

Арктикада шамамен 4 млн шаршы шақырым мұз жойылып кетіпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – соңғы 40 жылда болған рекордтық көрсеткіш. Климаттың жылдам өзгеруіне орай әлемдік ғалымдар дабыл қағып отыр. Айтуынша, жақын арада аймақ адам танымастай деңгейге өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар мамандар әлемдік мұхиттың деңгейі ағымдағы ғасырда 40 см-ге көтеріліп, алдағы 100 жылда жер бетіндегі жағажайлардың тең жартысы жойылып кетуі мүмкін деп топшылайды.

Лаура Меллер, ғалым:

– Арктикадағы мұздың еруі үлкен проблемаға айналды. Осымен жер бетіндегі қуаңшылықтың қаншалықты артып бара жатқанын байқауға болады. Бұл – ақыр аяғында бәріміз де жаһандық жылынудың зардабын тартамыз деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы