428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чернобыль аймағына 100 жылда алғаш рет аюлар оралды

  • 97
  • UPD: 14:31, 22.09.2020
Чернобыль аймағына 100 жылда алғаш рет аюлар оралды

Чернобыль аймағына 100 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет аюлар келді, деп хабарлады ВВС Украина.

«Адамдардың жоқтығына байланысты мұнда аюлар оралды. Беларусьтен келген сияқты. Олардың жалпы санын білмейміз. Олар осында тұрақтап қалулары да мүмкін. Бұл жерді жүз жылдай уақыт бойы аюлар мекендемеген», - деді аймақ зерттеушісі Сергей Гащак.

Сондай-ақ аталған аймақта сілеусіндер мен қасқырлар да байқалған.

Хабар 24 телеарнасы