432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Оскарға» ұсынылған әйгілі кинооператор қайтыс болды

  • 99
  • UPD: 14:55, 22.09.2020
«Оскарға» ұсынылған әйгілі кинооператор қайтыс болды

Екі рет «Оскар» жүлдесіне үміткер болған америкалық кинооператор Майкл Чэпмен 85 жасында дүниеден озды, деп хабарлады оның жұбайы Эми Холден Джонс Instagram парақшасында.

Оның неден қайтыс болғаны туралы толық мәлімет жоқ.

Hollywood Reporter басылымының хабарлауынша, Чэпмен кинооператор ретінде жұмысын бастаған фильмдердің арасында Фрэнсис Форд Копполаның «Өкіл әкесі» және Стивен Спилбергтің «Жақ сүйектері» сияқты әйгілі фильмдер бар.

Чэпмен Мартин Скорсезенің «Құтырған бұқа» және Эндрю Дэвистің «Қашқын» кинофильмдері үшін «Оскар» сыйлығына екі рет ұсынылды.

Сонымен қатар ол «Такси жүргізушісі» және «Соңғы вальс» сияқты атақты фильмдердің операторы ретінде танымал.

Хабар 24 телеарнасы