428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда теңіз өнімдерінің қапшығынан коронавирус табылды

  • 138
  • UPD: 16:34, 22.09.2020
Қытайда теңіз өнімдерінің қапшығынан коронавирус табылды

Қытайда теңіз өнімдерінің қапшығында тағы вирус табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жолы Цзилинь провинциясында импортталған кальмар қармауышының қапшығынан коронавирус анықталды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлайды. Жүк көрші Ресейден келген. Екі рет өткізілген тест нәтижесі оң болып шықты.

Естеріңізде болса, бұған дейін Далянь қаласында теңіз өнімдерін өңдейтін компанияның қызметкерінде және асшаян сақталған қапшықта коронавирус анықталған болатын. Тауар Эквадордан келген. Кейін бұл өңірде әскери режим жарияланған еді. Мамандардың айтуынша, вирус мұздатқан тауарда 3 айға дейін сақталуы мүмкін. Осыған орай тұрғындарға азық-түлікті мұқият зарарсыздандыру керек деген кеңес берілді.

Чжао, сатушы:

– Бұған қарамастан, теңіз өнімдеріне деген сұраныс азайған жоқ. Көбінесе жергілікті балықтарды сатамыз. Әзірге ақсерке балығын саудаламаймыз.

Хабар 24 телеарнасы