432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде COVID-19 қарсы жаңа вакцина сыналады

  • 160
Ресейде COVID-19 қарсы жаңа вакцина сыналады

Ресейде COVID-19 дертіне қарсы жаңа вакцина сынақтан өтпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Препарат Чумакова атындағы ғылими федералды орталығының мамандарымен әзірленіп жатыр. Вакцинада жасанды әлсіз вирус қолданылады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымдарының талабы бойынша зерттеу жұмыстарына 3 мыңнан астам ерікті жұмылдырылды. Зертханалық жұмыс Киров, Санкт-Петербург пен Новосібір қаласында өтеді. Екпе қабылдаған ерікті 16 күн бойы стационарда жататын болады. Ал денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында болмақ. Болжам бойынша клиникалық сынақ қараша айында аяқталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы