428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тасмания аралында 270-тей кит жағаға шығып қалған

  • 135
  • UPD: 19:19, 22.09.2020
Тасмания аралында 270-тей кит жағаға шығып қалған

Австралияда киттер қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тасмания аралы маңында 270-тей кит жағаға шығып қалған. Оның 90-нан астамы өлі табылды. Ғалымдар қалған жануардың өміріне алаңдап отыр. Оларды құтқару үшін қырық маман тартылған. Жалпы киттер мен дельфиндердің осылай жағаға шығып қалу жағдайлары – үнемі болып тұратын құбылыс. Ғалымдар мұның себебін әлі анықтаған жоқ.

Крис Карлайон, биолог:

– Бірнеше китті су түбіне жіберіп, еркін жүзе алатынын сезінгеннен кейінгі іс-қимылын бақылаймыз. Бұл оларды қайда бағыттау керектігін анықтауға көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы