432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде үкіметке қарсы наразылық толастар емес

  • 153
  • UPD: 08:26, 23.09.2020
Израильде үкіметке қарсы наразылық толастар емес фото: dw.com

Шерушілердің пікірінше, билік коронавирус індетінің зардабын тартқан кәсіпорындар мен қарапайым тұрғындарға тиісті көмек көрсетіп жатқан жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құдыс қаласындағы премьер-министр кеңсесі алдында апта сайын наразылық шаралар өтіп жатыр. «Қоғам белсенділері Биньямин Нетаньяхуды жемқор деп айыптап, індетпен күресте дәрменсіздік танытты», дейді. Оппозиция өкілдері қайта енгізіліген шектеу шаралары онсыз да әлсіреген ел экономикасын одан сайын ушықтырып жібереді деп санайды.

Еске сала кетсек, елдегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты үкімет 18 қыркүйекте  шектеу шараларын күшейткен еді.

Айта кетейік, Израиль – әлем бойынша жалпыұлттық қатаң карантинді қайта енгізген бірінші ел. 9 миллион тұрғыны бар бұл елде қазір күн сайын бір мыңдай ауруды жұқтыру дерегі анықталып, науқастардың жалпы саны 200 мыңға таяп қалды.

Хабар 24 телеарнасы