432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда жаңа шектеу шаралары енгізілді

  • 141
  • UPD: 10:03, 23.09.2020
Ұлыбританияда жаңа шектеу шаралары енгізілді

Ұлыбританияда коронавирус індетінің өршуіне байланысты жаңа шектеу шаралары енгізілді.

Бұл туралы премьер-министр Борис Джонсон жариялады. Елде індеттің екінші толқыны басталды. Ауруды жұқтырғандар саны өсіп келеді. Вирустың таралуын тежеу мақсатында үкімет қатал шараларды енгізді. Бүгіннен бастап мейрамханалар сағат кешкі онға дейін ғана жұмыс істейді. Барлық мекеме қызметкерлері бетперте тағуы тиіс. Сондай-ақ үйлену тойларына шақыруға рұқсат етілген қонақтар саны 30-дан 15-ке дейін қысқарды.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Қыс басталысымен вирустың таралуы күшейеді. Соңғы екі аптада ауруханаға түскен науқастар саны екі есе артты. Карантиннен кейін әрең дегенде қалпына келе бастаған кәсіпорындарға шектеу кері әсер тигізетінін білемін. Дегенмен, вирустың таралуына жол бермеу үшін бірқатар шараларды қолға алуға тура келеді.

 

Хабар 24 телеарнасы