Швейцарияда футбол алаңына ойнап жүрген 14 жасөспірімге найзағай түсіп, олар ауруханаға жатқызылды.
«Мәліметтер бойынша найзағай әуелі шам бағанына түскен. Заряд жерге тарап, одан соң футбол алаңына жайылды», - дейді полиция.
Оқиға салдарынан 15-16 жас аралығындағы 14 жасөспірім ауруханаларға жеткізілді. Олардың бірі тікұшақпен жөнелтілді.
Прокуратура мен полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.