432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапония шетелдік азаматтарға шекарасын ашпақ

  • 145
  • UPD: 09:45, 23.09.2020
Жапония шетелдік азаматтарға шекарасын ашпақ Известия

Жапония қазанның басында шетелдік азаматтар үшін біртіндеп шекарасын ашпақ.

Дегенмен бұл туристерге қатысты емес, деп хабарлайды Asahi газеті.

Басылым мәліметінше, әңгіме негізінен медициналық, білім және іскерлік салалар жайлы. Сонымен қатар мәдениет өкілдері де осындай жеңілдікке ие болмақ.

Осылайша аталған себептермен Жапонияға күніне әлемнің түкпір-түкпірінен мыңға жуық адам кіре алады. Бірақ олардың қолында ұшар алдында жасатқан коронавирустың жоқтығын растайтын тест нәтижесі болуы керек. Ал келген соң тағы екі апта карантинге жатқызылады.

Бұдан бөлек Күншығыс елі шетелдік студенттерге қатысты шектеулердің бәрін алып тастамақ.

Ал қарашадан бастап елдің Токио, Осака, Фукуока, Нагоя және Саппоро секілді ірі қалалары күніне 20 мыңға дейін адамды қабылдайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы