428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Болгария халқы үкімет басшысына қарсы тағы да бас көтерді

  • 110
  • UPD: 10:42, 23.09.2020
Болгария халқы үкімет басшысына қарсы тағы да бас көтерді

Софияда мыңдаған адам көшеге шығып, премьер-министр Бойко Борисов пен Бас прокурор Иван Гешектің қызметтен кетуін талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шеуршілер 61 жастағы Бойко Борисовты «жемқорлыққа жол беріп, мемлекетті құрдымға кетірді» деп айыптады. Салдарынан Болгария Еуроодақтағы ең кедей мемлекетке айналды. Бейбіт басталған шеру полициямен қақтығысқа ұласты. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Болгарияда үкіметке қарсы наразылық шерулері 2 айдан бері жалғасып келеді.

Тветелина Роберт, шеруші:

- Біздің елде білім, денсаулық сақтау, экология саласында түйінді түйткіл көп. Жолдардың да сапасы сын көтермейді. Біз елдің өзгеріп дамығанын қалаймыз. Бірақ үкімет талабымызға құлақ асар емес. Сондықтан көшеге шығып, наразылық білдіргеннен басқа амал қалмады.

Хабар 24 телеарнасы