428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Филиппинде ұлттық апат тәртібі тағы бір жылға ұзартылды

  • 157
  • UPD: 10:48, 23.09.2020
COVID-19: Филиппинде ұлттық апат тәртібі тағы бір жылға ұзартылды

Филиппинде COVID-19 індетіне байланысты жарияланған ұлттық апат режимі тағы бір жылға ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны ел президенті Родриго Дутерте хабарлады. Бұл індетке қарсы күреске төтенше қорларды тартып, елде тәртіп сақтауға қарулы күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, Филиппин үкіметі ұлттық апат режиімін наурыз айының ортасында жарты жылға енгізген болатын. Жалпы елде коронавирусты 291 мыңнан аса адам жұқтырды. Бұл – Оңтүстік Азия аймағындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы