432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанның оңтүстігіндегі қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болды

  • 158
  • UPD: 13:55, 23.09.2020
Ливанның оңтүстігіндегі қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болды фото: eadaily.com

Ливанның оңтүстігіндегі Айн-Кана ауылында күшті жарылыс болып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарға қарағанда «Хизбалла» қозғалысының осы мекендегі қару-жарақ қоймасы жарылған. Жарылыс Израиль әуе күштерінің соққысынан болуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ жергілікті билік оқиғаға қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қазір тергеу жүріп, жарылыстың себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы