432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда вакцина сынағының үшінші кезеңі желтоқсанда басталады

  • 116
  • UPD: 14:21, 23.09.2020
Германияда вакцина сынағының үшінші кезеңі желтоқсанда басталады фото: russian.rt.com

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина барлық сынақтан өтпей қолданысқа берілмейді.

Франкфурт маңындағы «Санофи» француз компаниясының бөлімшесін барып көрген Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан осылай деп мәлімдеді. Бірлестік COVID-19-ға қарсы екпені Германия нарығына келесі жылдың шілде айында шығаруға ниетті. Неміс үкіметі 300 миллион доза екпе алуға келіскен. Вакцинаның клиникалық сынағының үшінші кезеңі желтоқсанда басталмақ. Германия билігі жергілікті фармацевтикалық компаниялардың вакциналар жасауына 750 миллион еуро бөлген.

Йенс Шпан, Германия денсаулық сақтау министрі:

- Коронавирусқа қарсы вакциналар клиникалық сынақтың барлық кезеңінен өткеннен кейін ғана қолданысқа беріледі. Кей елдердегідей тәжірибенің екінші кезеңінен кейін екпені пайдалануға рұқсат етілмейді. Себебі, бұл жүздеген миллион мәрте қолданылатын дәрі. Сондықтан вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігіне әбден көз жеткізу қажет.

 

Хабар 24 телеарнасы