427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссель Лондонды ЕО-мен сауда келісімшарты бойынша өз ұстанымын анықтауға шақырды

  • 93
  • UPD: 14:23, 23.09.2020
Брюссель Лондонды ЕО-мен сауда келісімшарты бойынша өз ұстанымын анықтауға шақырды

Брюссель Лондоннан Еуроодақтан шыққаннан кейін ұйыммен сауда келісімшарты бойынша өз ұстанымын анықтауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы аптада екіжақты келіссөздің кезекті раунды басталды. Ұлыбританияның ішкі нарық туралы заңынан Еуроодақпен шығу туралы құжаттың орындалуына шүбә келтіріле бастады. Брюссель Лондонның әрекетін айыптап отыр. Осыған қарамастан, Еуроодақ келешек сауда келісімшарты бойынша келіссөзді жалғастыруға ниетті. Бірақ Лондон бұған дейін қол қойған келісімді бұзса, құқықтық шара қолданатынын ескертуде. Еуроодақ пен Ұлыбританияның бірлескен комитетінің кезекті отырысы 28 қыркүйек күні Брюссельде өтеді.

Михаэль Рот, Германияның Еуропа істері жөніндегі министрі:

- Ойынды доғару керек. Уақыт өтіп барады. Бізге әділ келіссөз жүргізіп, келешек қарым-қатынасымызды анықтау қажет. Біз өз тарапымыздан кез келген ұсынысты қарастыруға дайынбыз.

Марош Шефчович, Еурокомиссияның вице-президенті:

- Еуроодақ Ұлыбританияның ұйымнан шығуы жөніндегі келісімшартқа сәйкес конструктивті ынтымақтастықты қалайды. Біз Ұлыбританияның одақтан шығуы жөнінде келісімді қайта қарау туралы келіссөз жүргізбейміз. Тек бекітілген келісімді орындайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы