428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада COVID-19-ға қарсы дәрі жасап шығарылды

  • 135
  • UPD: 17:58, 23.09.2020
Польшада COVID-19-ға қарсы дәрі жасап шығарылды

Польша коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы тиімді дәрінің ойлап табылғанын хабарлады.

Препарат клиникалық зерттеулерге жіберілді, деп жазды Onet.

Дәрі коронавирустан айыққан адамдардың қан плазмасын қолдана отырып жасалған. Қазір препарат клиникалық зерттеулер жүргізу үшін төрт орталыққа жіберіледі: Люблин, Бытом, Белосток және Варшава.

18 тамызда басталған препарат өндірісі 23 қыркүйекте аяқталды. Нәтижесінде үш мыңнан астам ампула өндірілді. 

Хабар 24 телеарнасы