428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Александр Лукашенко президент лауазымына ресми түрде кірісті

  • 163
  • UPD: 18:13, 23.09.2020
Александр Лукашенко президент лауазымына ресми түрде кірісті

Бұл жайлы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлады. 

Олардың мәліметінше, ұлықтау рәсімі Минсктегі Тәуелсіздік сарайында өткен. Алайда оның қашан өтетіні алдын ала хабарланбаған. Салтанат барысында Лукашенко ант беріп, тиісті құжатқа қол қойған. Кейін Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лукашенкоға мемлекет басшысының куәлігін тапсырды. Жалпы Беларусь заңына сәйкес жаңа президент сайлау нәтижесінен кейін 2 ай ішінде қызметке кірісуі қажет. Айта кетейік, Лукашенко осымен алтыншы рет ең жоғары мемлекеттік лауазымға сайланып отыр. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, 9 тамызда өткен сайлауда ол 80% астам дауыс жинаған. Бірақ бұл көрсеткішке наразы халық жаппай шеруге шықты. Ереуілдер әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы