428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Угандада шекара ашылады

  • 151
Угандада шекара ашылады

1 қазаннан бастап Уганда шетелдік туристер үшін шекарасын ашпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша ел билігі тұралап қалған туризм саласын жандандырмақ ниетте. Өйткені коронавирус кесірінен елдегі туристік бизнес зор шығынға батып, 700 мыңнан астам тұрғын жұмыссыз қалған. Қазір Угандада вирусқа байланысты енгізілген шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіліп жатыр. Тұрғындардың ел ішінде емін-еркін қатынауына рұқсат етілген. Айта кетейік, Угандада соңғы жылдары туризм саласы айтарлықтай дамып келеді. Ресми дерек бойынша 2018- 2019 жылдары одан түскен табыс 1,5 миллиардқа жуық долларды құраған.

Хабар 24 телеарнасы